Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында ер мен әйел адам зират қоршауларын ұрлаумен айналысқан

Павлодар облысында ер мен әйел адам зират ішінен металл материалдар ұрлады деген күдікпен тұтқынға алған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті хабарлады.

55555

Сурет ІІД

Полиция мәліметі бойынша, 27 мамыр күні Ефремовка ауылының бес бірдей тұрғыны өтініш жазып, туыстарының зиратынан металл қоршаулардың ұрланғанын айтқан.

Бұл оқиғаға күдікті ретінде сол ауылдың екі тұрғыны, 1983 жылы туған ер адам мен 1976 жылы туған әйел адам көзге түскен. Бірақ, олар белгісіз бағытқа жасырынып үлгеріпті.

Алайда облыстық полиция қызметкерлері оларды Қашыр ауданында ұстап, тұтқынға алған. Қылмыс жасаған жұп өз істерін мойындаған. Олар ұрлаған бірқатар заттар қайтадан иелеріне қайтарылған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Талқылау