Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында екі жігіт Жаңа жылды атап өту үшін екі жылқы ұрлаған

Ақтоғай ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында ауыл тұрғындарына жарты миллион теңге тұратын ұрланған екі жылқыны қайтарып берді.

YBA3dySV9d0

Бұл туралы  pavlodarnews.kz хабарлайды.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ақтоғай аудандық ІІБ-нің учаскелік инспекторы Мейрам Нұркин мен оның көмекшісі, полиция лейтенанты Исабек Кенжебаев Мүткенов ауылы тұрғындарынан екі жылқының ұрланғаны туралы хабарлама алысымен іздеуге шыққан.

Тәртіп сақшылары қардың бетіндегі іздермен ауылдан 30 шақырым қашықтықтағы Харьковка ауылына келген. Аулалардың ішін тексеру барысында полицейлер ауыл тұрғындарының бірінің қорасынан ұрланған малды анықтап, бұл қылмысқа күдікті тұлғаларды құрықтаған.

Ешбір жерде жұмыс істемейтін, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 25-22 жастағы ауыл тұрғындарының қарақшылыққа барғаны анықталды. Бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде күдіктілер жылқыны соғымға сойып, саудалау мақсатында ұрлағанын мойындады. Ал тапқан табысқа жаңа жылдық мерекені тойламақ болған.

«Қардың үстінде жүріп бара жатқан кезде боран мен аяз туралы ойламаған едік. Ізді басып қалмаса екен деген ғана ой болды», – дейді учаскелік инспекторлар. Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Талқылау