Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында екі нәресте кенеттен қайтыс болды

Павлодар облысының ауылдық аймақтарында екі бала көз жұмды деп хабарлайды.

6c1c8eabc80e28c5bf573fdc4d737cc3

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Қызылжар ауылы отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Сәуле Ысқақованың айтуынша, шақырту бүгін сағат 8.20-да түскен.

Біз келген кезде баланың демі үзіліп кеткен. Анасының  сөзінше, күндіз үш жасар баланың температурасы 39-ға дейін көтерілген. Ол өздігінің 37-ге дейін температурасын түсірген. Тамақтандырып болғаннан кейін ұйқыға шомған. Басқа ешбір шағым болмаған. Бұл жай ғана суық тию салдарынан деген оймен дәрігер шақыртпаған. Нақты диагнозды әзірге айта алмаймын. Жуық арада сараптама жүргізіледі”, – деді Сәуле Ысқақова.

Лебяжі аудандық ауруханасы дәрігерінің орынбасары Айдын Кобайдарованың айтуынша, Лебяжі ауданы Черное ауылының медициналық қызметкерінің ұялы телефонына баланың ес-түссіз жатқаны туралы хабарлама 22 қаңтар күні сағат 21.08-де түскен. Ақ желеңді жеткен кезде 2016 жылы 8 ақпанда дүниеге келген ұл бала еденде жатқан. 11 айлық бала ешбір тіршілік белгісін бермеген.

“Анасы үлкен балаларымен әуенге билеп жүргенін айтады. Кенеттен ол құлап түсіп, көзі қарауыта бастаған. Баланың ата-анасының өтініші бойынша көлікпен сәбиді Павлодарға жеткізген. Павлодар ауданының Байдалы аулына жеткен кезде  баланың денесі қалалық жедел жәрдем көлігіне тапсырылып, сол жақтан облыстық сот-сараптамалық ғимаратына жеткізілген. Алдын ала болжам бойынша нәресте аяқ астынан көз жұмған”, – дейді Айдын Кобайдарова.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында қарттар үйі қызметкерлерінің мүгедектерді қалай қорлап келгені әшкере болды

Павлодарда босану мерзімі жақын қалған әйел өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмды

Қостанайда полицейлер жас сәбилі келіншекті ұрып-соғып, кейіннен оған пара ұсынған

Павлодарда келінін балағаттаған қайын ата темір тордан бір-ақ шықты

Талқылау