Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында бетперде киген екі адам 77 жастағы қарияны сабап кетті

Павлодар облысында екі жігіт 77 жастағы ауыл тұрғынына шабуыл жасаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170126063903

Баянауыл ауданы, Майқайың ауылында бетперде киген екі ер адам пәтер терезесін сындырып кіріп, зейнеткерге шабуыл жасаған. Пышақпен қорқытып қарияны байлап тастаған олар үйден 100 мың теңге ақша алып тайып тұрыпты. Кейін ақсақал өзі босанып, полицияға хабарласқан.

Оқиға орынына жедел жеткен жедел-тергеу тобы түн ортасында тәртіп бұзған екі күдіктіні іздеуге кіріседі. Көп ұзамай күдіктілер өз үйлерінен табылған. Олардың үйінен бетперде, ақша да табылады. Олар арам жолмен келген ақшаны араққа жұмсап үлгерген де екен.

Олар 21 және 26 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған тұрғындар болып шықты. Ал бұл оқиға ҚР ҚК 1992 бабы 2 бөлімі 1,3,4 тармағы негізінде қарастырылмақ. Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып қамауға алынды.

Оқи отырыңыз:

Астанада теміржол вокзалының шатыры опырылып түсті (видео)

Павлодар облысында ақшаның жетіспеушілігін анықтаған есепші дәрі ішіп қойған

Алматыда қатыгездікпен өлтірілген баланың әкесі ортақ қыздары үшін әйелді кешіруге дайын

Шымкент тұрғыны төменге түсерде мүгедектер арбасын ұстамаған қызының кесірінен көз жұмды

Талқылау