Павлодар облысында балықшы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Сәрсенбі, 8 Қараша , 2017 12:38

Павлодар облысында 30 жастағы Андрей Шопинский балық аулауға кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлады VITA павлодарлық клубының еріктілері әлеуметтік желіде. Еріктілер хабарлағандай, Шопинский 6 қарашада Ертіс ауданында Ертіс өзеніне балық аулауға барып, жоғалып кеткен. Ол балық аулауға екі досымен барыпты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан  басылымы жазды.

“Достары іздеп жатыр, түнгі сағат екі кезінде олар ұйықтауға кетеді, ал Андрей отыра береді. Таңғы сағат он кезінде олар ұйқыдан тұрса: айнала жым-жырт, заттардың түгелі орнында, ал Андрей болса жоқ”, – дейді еріктілердің бірі.

Күйеуінің жолдастары балық аулаған жерде тік құлама бар екенін айтыпты. “Ол шатырға қарай көтеріле бергенде, аяғы тайып құлап, басы айналып, суға батып кетуі мүмкін”, — деп пайымдайды жігіттің жұбайы.

Алайда, бұл шын болған жағдайда, зардап шегуші жардың астында болар еді, өйткені ол жерде ағыс жоқ. Сүңгуірлер тереңді шаралап Андрейді таппаған. “Сүңгуірлер іздеуді жалғастыруда, екінші жағалауға дейін қарап жатыр. Біз еріктілермен бірге маңайды шарлап жүрміз, адасатындай жер емес. Бәлкім, денесі мұздап, үсіп қалған шығар, бұл жерде бұта көп…”, — дейді Алена.


Жіберіп алмаңыз:

Алматылық тұрғын өзінде мүлдем болмаған көлік үшін салық төлеуге мәжбүр

Сотталып жатқан Бишімбаевтың ісіне кәсіпкер Мұратбек Тоқмәдидің қатысы болуы мүмкін

Атырауда қоқыс арасынан нәрестені тапқан азамат мән-жайды баяндап берді

Бишімбаев параны “Ақсәуле” деген құпия сөз арқылы алып отырған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар