Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында ауыл тұрғыны 17 жастағы қызды зорлаған

Павлодар облысында 17 жастағы қызды зорлады деген күдікпен Қашыр ауылының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлайды.

2415c8e1-221e-41b7-99ab-7908c376b40b

Сурет today.kz

Тергеу барысында анықталғандай, зардап шегуші қыз ауылда кешкі уақытта қыдырып жүріп, кәмелетке толмаған өзінің сыныптасын кезіктіреді. Құрбылар дүкенге кіріп, “Қазақстан” коньягын және шоколад сатып алады. Ертіс өзені жағасында олар екеуі ішімдік ішеді. Спиртті ішімдіктен масайып қалған қыз үйіне қарай жалғыз кеткен. Жолда қарсы алдынан кездескен ауыл тұрғыны оның мас екенін пайдаланып зорлық әрекет жасайды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып, ҚР ҚК 120 бабы 3 бөлімі 3 тармағы “кәмелетке толмаған адамға зорлық көрсету” бойынша қылмыстық іс қозғалды. 21 жасқа толмаған адамға ішімдік сатқан дүкен сатушысына қатысты да әкімшілік іс қозғалып отыр.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған қызын лайықты бақылай алмағаны үшін оның ата-анасына да айыппұл салынбақ.

Оқи отырыңыздар:

Әйелдерді зорлаған қылмыскер ғаламтордан махаббатын іздейді

Талдықорған тұрғыны 70 жастағы зейнеткерді зорлаған

Алматы облысында оқушы бір топ жігіт зорлағаннан кейін жүкті болып қалды

Талқылау