Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысы Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың өкімімен, қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Дүйсембинов Нұрлан Шайхисләмұлы Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалған.

әкім

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Дүйсембинов 1973 жылы дүниеге келді, еңбек жолын «Игілік» банкі филиалының маманы болып бастаған. Одан кейін Ильичев ауданы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінде және Павлодар облысы бойныша Салық комитетінде бөлім бастығы қызметін атқарған.

2005 жылы Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, одан кейін Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 2008-2014 жылдары Павлодар облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2014 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
Актив барысында аймақ басшысы Болат Бақауов Ақсу қаласы жаңа әкімінің алдында бірқатар міндеттер қойды.

«Аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру Сіздің жұмысыңыздың маңызды басымдылығы болып табылады. Ақсу қаласы – облыс донорларының бірі, бүкіл аймақ үшін стратегиялық мәнге ие. Қаланың өнеркәсіп әлеуеті бүгінде өте қатты талап етілген. Ақсу ферроқорытпалар зауыты мен Еуразиялық энергетикалық бірлестігімен байланысатын өндірістерді құру негізгі міндеттердің бірі болмақ», – деп атап өтті Болат Бақауов.

«Сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын жандандыру, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін белсенді дамытып, пайдалану қажет», – деп қосып өтті облыс әкімі.

Талқылау