Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында 80 жастағы әже күйеуге шықты

Павлодар облысында биыл некеге тұрған жұбайлар арасындағы ең үлкен қалыңдықтың жасы 80-де. Бұл туралы өңірдегі департамент басшысы Жақан Жәкенов айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

“Биыл қарым-қатынасын заңмен реттеп, некеге тұрған қалыңдықтардың арасында 80 жастағы әжей кездесті. Ол күйеуге шыққан қалыңдықтардың арасындағы ең үлкені. Ал ең үлкен күйеу жігіт 84 жаста", – деді Жәкенов.

Сондай-ақ департамент басшысы өңірдегі ең жас келіндерге де тоқталып өтті.

"Ең жас келіндердің жасы 16-да. Өңірдегі үш қыз бала осы жасында күйеуге шығып отыр. Екі күйеу жігіт 17 жаста", – деді ол.

Брифинг барысында АХАТ органдарының Павлодар облысында 1735 некені тіркегені расталды. Сонымен қатар ажырасушылар саны да анықталды. Жыл басынан бері өңірде 449 жұп ажырасып кеткен. 

“2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 4677 нәресте дүниеге келді, олардың 2378-і ұлдар. Демек, 100 қызға 103 ұл. 3741 адам қайтыс болды, қайтыс болғандардың ішінде ерлердің үлес салмағы 51,3%-ды құрады. Өлім себептерінің арасында қан айналымы жүйесі ауруларынан – 22%, тыныс алу органдары ауруларынан – 10,7%, рак ауруынан – 9,5% болатын өлім-жітім басым болып отыр”, – деп толықтырды Жақан Жәкенов.

Талқылау