Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар қаласының әкімі әр дүйсенбіде автобуспен жүретінін айтып мақтанды

Бүгін қала басшысы Болат Бақауов шаһардың соңғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру брифингінде маршруттық автобустардың бағыттарының өзгеруі жайында айтып берді. Бұл туралы  pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

аким

«Таңның атысы мен кештің батысында Павлодар көшелерінде көлік өте көп. Өткен жылы облыс әкімі Қанат Бозымбаев көшеде газельдер болмасын деп тапсырма берген болатын. Жыл соңына дейін бір де бір газель көлігі қалмайды. 1қаңтардан бастап жаңа бағытпен қатынайтын боламыз. Бұл үлкен жұмыс. Алдағы уақытта көше “қалталарын” да кеңейтеміз. Қазіргі таңда тұрғындар арасында мұндай жаңашылдықтарға қатысты ақпараттандыру жүргізілуде», – деді Бақауов.

Сондай-ақ қала әкімі әр дүйсенбі сайын қоғамдық көлікпен жүретінін де сөз етті.

«Қоғамдық көліктердің бағытын 11 қаңтардан бастап өзгертуге ұсыныс түсті. Бірақ та бұл істі жаңа жылдың жаңа күнінен бастауды жөн санап отырмыз. Өз басым әр дүйсенбі сайын автобустармен жүруге тырысамын. Бірде селфи жасауға ұсыныс білдірген жігіттің сөзін жерге тастамай келісім бердім. Алайда суретті әлеуметтік желіге салмауын өтіндім», – дейді Бақауов.

Брифинг соңында қала әкімі бір дүйсенбіде журналистерді өзімен бірге автобуспен жүруге шақыруға уәде берді.

 

Талқылау