Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар Жаңа жылды маймылдармен безендірмекші

Павлодарда Жаңа жылға мерекесіне арнап 102 мың теңгені құрайтын 8 маймылдың мүсіні қойылды.

 

5

Маймыл жарқыраған, металл қаптамалынан жасалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жалпы қаланы Жаңа жылдық бұйымдармен әшекейлеуге 41 млн теңге бөлінген. Ал бас шыршаның құрылысы мен безендірілуіне 9,3 млн теңге жұмсалған. Жаңа мерекелік бұйымдарды дайындап, орнатуға 21,7 млн теңге қарастырылған.

Әкімінің айтуынша, биылғы жылы жарқырайтын 707 элемент қаланы көріктендірмек. Және де 20-ға жуық ертегі кейіпкерінің мүсіні алынған. Былтырғы жылдан Аяз Ата, Ақша қар, жылқы, аю, пингвиндер және тағы басқа мүсіндер қалған.

Павлодарда бюджет есебінен барлығы сегіз шырша құрылмақ. Олар: музыкалық колледж, хим қалашығы және Достық үйінің маңында, Мемлекеттік рәміздер алаңында, сегізінші мектеп саябағында, төменгі жағалау ауданы мен өзен вокзалында орнатылады.

Және Лермонтов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында «Эйфель мұнарасы» бой көтерді. Лермонтов, Кутузов, Толстой, Естай, Жаяу Мұса көшелері мен қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Ертіс жағалауында дәстүрлі жарықтандырылған безендіру бұйымдары орналастырылды.
Биылғы жылы жаңа жылдық безендіру жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда 20 млн теңгеге қысқарған.

Талқылау