Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар аулаларының бірінде Жак-Ив Кустоның ерекше портреті пайда болды

Атақты мұхит зерттеушісінің бейнесін қабырғаға салған автор бұл жұмысын өңірлік «Ертіс күні» мерекесіне арнап отыр, – деп жазды КТК арнасы.
ыы

Ярослав Александровтың айтуынша, соңғы кезде шаһарда ағал-жағал сөздер жазылған бейәдеп суреттер көбейген. Бұған тосқауыл жасауды ойластырған суретші алдымен коммуналдық қызмет мекемесінің рұқсатын алуды жөн санапты.

Кейін-ақ қабырғаға Жак-Ив Кустоның бейнесін салған ол бұған бір күндік уақытын жұмсаған. Портреттен өзге мұнда ғалымның туған жылы және өмір жолы қысқаша жазылған. Атақты мұхит зерттеушісін танып білгендер жас суретшінің бұл жұмысына оң баға беруде. Ал автордың өзі мұнымен шектелер емес. Тек бастамасына еш кедергі жасалмаса деп тілейді.

“Ғалымның бейнесін қылқыламмен эмульсия бояуы арқылы салдым. Бастысы суретім көпшіліктің көңілінен шықты. Ешкім тыйым салмаса, бұл бастамамды жалғастырғым келеді. Жақында Қарағандыға бармақ ойдамын. Онда Егемендігіміздің 25 жылдығына арналған туындыларымды байқауға ұсынамын”,- дейді суретші Ярослав Александров

 

Талқылау