Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар әкімі бала-бақшада тұрып жатыр дегендерге жауап берді

Павлодар әкімі Нұржан Әшімбетов бұрынғы бала-бақша ғимаратында тұрмайтынын мәлімдеді.

photo_211082 (1)

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Әкімнің айтуынша, Ломова көшесінде орналасқан 50/1 ғимарат ешқашан бала-бақша болмаған. Ол жер бұрын облыстық денсаулық сақтау мемлекеттік мекесесінің туберкулез дертін емдеу санаториясы болған. Ол кейін басқа жаққа көшіріліп, бос қалған ғимарат 1990 жылдары жеке меншікке өткен.

“115,5 шарты метрді құрайтын пәтерді өзге адамнан 2012 жылы 22 350 000 теңгеге сатып алғанмын. Мен пәтердің үшінші иесімін. Пәтердің жеке меншікке өтуіне еш қатысым жоқ. Пәтер ақшасын “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ипотекалық зайым ретінде алғам. Оның өтеуі ай сайынғы менің жалақымнан алынып отырады, – дейді әкім.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар әкімінің бұрынғы бала-бақша ғимаратында тұратыны жайлы ақпарат тараған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Мамбет, калбит, Мырқымбай. Қазақстанда қандай сөздерді айтпауға кеңес беріледі

Шахмат ханшайымы Динара Сәдуақасова әлемнің ең мықты ТОП-30 әйелдері қатарына енді

17 жастағы боксшы турнирдегі жекпе-жектен кейін қайтыс болды

Талқылау