Павлодарда боранды күні туған сәби шетінеп кетті

Павлодарлық дәрігерлер боранды күні мерзімінен бұрын туған нәрестенің өмірін аман алып қала алмады.

Бұл туралы агенттік тілшісіне перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова айтты. – Таңертең дәрігерлер Ертіс ауданынан Павлодарға қарай жолға шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ленин кенті маңында сәбидің жағдайы күрт нашарлап кетті. Бала тәулік бойы арнайы аппаратта болды. Сондай-ақ, бірқатар күрделі кешенді шаралар жасалды. Қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ уақытынан ерте туған қыз баланы құтқара алмадық, – дейді Айман Оспанова.

Еске салайық, 11 қаңтар күні облыста бойынша қатты боран соққан. Сол түні Ертіс ауданында мерзімінен ерте жеті айында 1631 грамм салмағымен туған сәбиді дәрігерлер қалаға жеткізуге тырысқан.

Ауруханаға 11 қаңтар күні таңғы 4:05 шамасында шұғыл түрде жүкті әйел жеткізілді, – дейді Ертіс орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Риза Құсайынова.

“Әйелді кесер тілігі арқылы босандырдық. Қыз бала 1 келі 631 грамм салмағымен туды. Мерзімінен ерте дүниеге келгендіктен нәрестенің жағдайы орташа ауыр болды. Сонымен қатар, боран күшейіп кетті. Павлодар қаласынан дәрігерлерді шақыртып едік, олар ақ түтекте жолға шығып осында жетті. Ауа райы салдарынан ауруханада жарық сөніп қалды. Барлық дәрігерлер тізесінен тік тұрып қызмет етті. Аудан әкімдігі мен ТҮКШ бөлімі көмегін аямады. Дизельді генератор қосып, нәрестені аппаратта ұстадық.

Бас дәрігердің айтуынша, облыс орталығынан келген ақ халаттылар ауруханада қонып, бүгін таңғы 7:25 шамасында Павлодар қаласына аудандық ІІБ қызметкерлерімен жолға аттанды. Анасы Ертіс ауданында қалған.

Тағы да оқыңыз:

Теміртаулықтар Әлия Назарбаеваға петиция жолдамақ

Имам: Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқыған әйелдердің әрекеті – нағыз әртістік

ОҚО-да 10 жасар балаға жыныстық азғындық көрсеткен жеткіншек сотта ақталып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар