Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павел Воля Астанада Tesla электромобилін сынақтан өткізді (видео)

Танымал ресейлік шоумен Павел Воля Астана қаласында Tesla электромобилін сынақтан өткізіп көрді. Тест-драйвтың бейнежазбасын Санжар Алтаев есімді Фейсбук қолданушысы өз парақшасына жариялаған.

20160411103054

Сурет ҚазАқпарат

“Барлығыңа сәлем! Мен Павел Воля! Тесла сатып алып, Қазақстанда қалдым. Қазақтар ғана Теслаға жақсы қызмет көрсете алады! Тек қазақтар ғана мұны дұрыс айдай алады. Айтпақшы, шын мәнінде осы Тесла Қазақстанда жасалған”, – деп әзілдей пікір білдіріпті Павел.

Еске сала кетсек, әзілкеш Астанада 9 сәуір күні және Алматыда 10 сәуір күндері «Большой «Stand Up» кешіне қатысқан.

Павел Воля «Comedy Club» тележобасына қатысу арқылы үлкен танымалдылыққа қол жеткізе алды.

Талқылау