Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәтерсіз қалған Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі немересіне реніш білдірді

Тұрым Алагөзов немересі пәтерінен қуып шыққаннан кейін ренішін білдірді. Ол соттың әділеттілігіне сенуден қалғанын, әр нәрсенің өз уақыты келетінін Instagram-дағы парақшасында жазды.

Пәтерсіз қалған Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі немересіне реніш білдірді

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Біз кетеміз, ал бұл әлем орнынан қозғалмайды. Реніш, айтылмаған сөз, түсініспеушілік (тіпті жақындарың тарапынан да), кешірім бермеу… Ал бұл әлемге бәрібір. Менің де бұл әлемге айтарым бар. Өмір сүрдім, жұмыс істедім, балаларымды өсіріп, отбасымды қорғадым. Сонда не болды?

Әр нәрсенің өз уақыты бар. Соломон солай айтыпты. Енді тек Жаратқанға сенеміз, себебі билікте отырғандарға сенуден шаршадық. Бәрімізді Алла сақтасын”, – дейді Тұрым Алагөзов.

Желі қолданушылары Алагөзовтің осынша жасқа келгенде далада қалғанына өкініш білдірді.

Еске сала кетейік, Әмина Марат атасы Тұрым Алагөзовтің пәтерін сот арқылы тартып алған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау