Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәтер жалдап жүрген алматылық таксист көлікте қалған 65 мың долларды иесіне қайтарып берген

Алматы қаласының тұрғыны Әбен Нарынбаев ерлі-зайыптылардың көлікте қалдырып кеткен 65 мың доллар мен 2 млн теңгесін қайтарып берген.

pogudx6ffm1tmmk2h.316c68f2 (1)

Бұл туралы ол ұлттық арнадағы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтып берді.

Әбен Нарынбаев Алматы қаласындағы телеарналардың бірінде кәсіби оператор болып жұмыс істейді. Отбасына екі ағайынды. Анасы Әмина екі ұлын адал болуға, шыншыл болуға үйретіп өсірген.

Бір күні Әбен жұмысына бара жатып, такси тоқтатқан ерлі-зайыптыларды ала кетеді.

«Таңертең жұмысқа бара жатқанымда жолда аға мен тәте такси тоқтатты. Үлкен кісілер. Көлікке мінбей жатып, екеуі бір-бірімен ұрысып тұрған. Аға алдында отырды. Тәте артқы орындыққа жайғасты. Екеуі жол бойы бір-бірімен ұрысып отырды. Оларды Мақатаев көшесіндегі Сызғанов емханасына жеткізіп тастадым. Сосын өзім бұрылып кетіп қалдым», – дейді ол.

Әбен Нарынбаев жолаушылар түсіп қалған соң, көлігінің артқы орындығынан телефон шырылдағанын айтады.

«Телефон даусын естідім. Сол кезде жақсы телефон болса алып алайын деген пендешілік ой да болды. Тоқтап қарасам, барсетке сөмке жатыр. Сөмкені ашқанымда алдымен екі миллион теңгені көрдім, ал оның астында долларлар жатыр», – дейді ол.

Осы кезде оның телефонынан анасы хабарласып қалады. Ол болған жайтты анасына айтып береді. Анасы барлық ақшаны иесіне қайтарып беру керегін талап етеді. Әйелі пәтер жалдап жүргенін айтып, ақшаны үйге әкелуін өтінгенімен Әбен анасының айтқанын орындапты.

Ақша иелері ақшасын қайтарып берген жігітке алғысын айтып, 1000 теңге ұстатады. Оператор жігіт осы кезде  қомақты ақшадан 1000 теңге ғана алғанына кейіп қалғанын жасырмады. Бірақ, кейіннен олар қайта кездесуге шақырып, 50 мың теңге ұстатқан екен.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанай тұрғыны жалған диплом жасатып әкім болмақ болды

Алматыда хакерлер Нұрбанк шоттарын бұзып, 155 млн теңге ұрлаған

3 жасар бала үй жағдайында сүндеттеген соң көз жұмды

Шымкентте мектеп бапкері балалармен бірге порноға түсіп келген

Талқылау