Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Паровоз бен Трактор: Өскеменде мән-мағынасы жоқ көше аттары әлі көп

Өскеменнің мыңға тарта көшесінің кетеуін мән-мағынасы жоқ атаулар кетіріп тұр. Маркстен басталып, Комсомол, Паровоз, Трактормен аяқталатын көше жетерлік. Сондықтан, қала халқы олардың атын өзгерту керек деп отыр. Ал, жақында орталық көшелердің біріне Шәкәрімнің есімін беру туралы бастама көтерілді.

Паровоз бен Трактор: Өскеменде мән-мағынасы жоқ көше аттары әлі көп

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Облыс орталығындағы ең ірі көшелердің бірі Ворошилов көшесін Шәкәрім Құдайбердіұлының атына өзгерту соңғы уақытта жиі айтыла бастады. Ал ондай пікір мұнда көптен бері қозғалып келеді. Алайда, қоғам белсенділері талай рет айтсақ та, әлі ештеңе шықпай тұр деп налиды.

“Бұл енді қайта-қайта жазып, ешқандай нәтиже шықпағаннан кейін біз Алтай асу қоғамдық бірлестігінің атынан Президент аппаратының жетекшісі, басшысы Жақсыбековке хат жазып жібергенбіз”, – дейді Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев.

Ал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері көшелердің атын өзгертуге байланысты келген хаттардың қарша борап жатқанын жеткізді. Бірақ қолдан келер қайран жоқ. Бір емес, бірнеше сатыда қаралатын мәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес дейді.

“Ворошилов көшесін қайта атау бойынша ұсыныстар көп кеп түсіп жатыр. Оның бәрі ұсыныс ретінде біз қалалық мәслихатқа жібереміз қарауына. Одан ары қарай облыстық ономастикалық комиссияда қаралып, одан ары қарай республикалық ономастикалық комиссияда қаралады”, – дейді Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Сағымқызы.

Қазір Өскеменнің өзінде 800-ге тарта көше бар. Тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде олардың тек 82-сі ғана қазақшаланған. Орджоникидзе, Дзержинский, Питер Коммунарлары, Лениногорск, Краснознаменная, Карл Маркс, Карл Либкнехт, Комсомол, Паровоз, Трактор секілді саяси мәні кеткен атаулармен аталған көшелер әлі көп.

Тағы оқыңыз: 

Мәскеуде көз жұмған Томиристің анасы: Сенсіз қалай өмір сүру керектігін айтпай кеттің

Бұл өтірік өмірден шаршадым: Жамбылда өз үйінде асылып өлген ревизордың әйелі күйеуінің ақырғы хатын оқып берді

Өскемен тұрғыны өртеніп жатқан үйден көршісін шығарып алды

Сағадиев: 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте жіберулеріңізді сұраймыз

Талқылау