Парламент жаңа депутаттарға неліктен элиталық қонақ үйді таңдағандарын түсіндірді

Жұма, 8 Сәуір , 2016 8:28

Мәжіліс жаңадан сайланған депутаттарға уақытша баспана ретінде неліктен сәулетті қонақүйді таңдағандарын түсіндірді. Бесжұлдызды қонақүй қымбат құнымен, жайлы бөлмелерімен елордада өте танымал. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

ьи

Сурет livejournal.com

Бірақ, Парламент бұл жерді таңдау үшін арнайы тендер өткізген екен. Соның нәтижесінде, ең арзан баға мен сапалы қызметті осы атақты отель ұсыныпты.

Тіпті қонақүй әкімшілігі депутаттарға бұрын-соңды болмаған жеңілдік де жасаған. Сөйтіп, мәжілісмендердің бір күндік түнеуі 29 мың теңгеге шыққан. Ал басқа клиенттерге баға сол күйі 3-4 есе жоғары. Парламент элиталық қонақ үйді жаңадан сайланған депутаттарға қызметтік пәтердің дайын болмауы себепті таңдауға мәжбүр болыпты.

Осыған байланысты 30-ға тарта мәжілісменге Министрліктер үйі мен Парламент ғимаратына жақын қонақүйге жатуға тура келген екен. Дегенмен, Мәжіліс 2 млн-ның орнына 800 мың төлеп, бюджет ақшасын біраз үнемдедік дейді.

“Заң бұзып тендер өткізгенде, ешқандай сұрақ туындамайды. Ал барлығы төмен бағамен әділ өтсе, шулай бастайды. Депутаттардың қонақүйде тұрғаны үшін 29 мың теңге көп ақша емес”, – дейді мәжіліс депутаты Артур Платонов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар