Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парламент педофилдерді “піштіруге” рұқсат берді

Қазақстанда химиялық кастрация жүргізуге заң жүзінде рұқсат етілді. Бұл жайында бүгін Сенаттың кезекті отырысында мәлім болды.

педофил

сурет newstop.kz сайтынан алынды.

Педофилдерге химиялық кастрация жасау енгізіледі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында сенатор Бірғаным Әйтімова мәлім етті. Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды,-деп хабарлайды Қазақпарат.

Айта кетерлігі, заң жобасында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер базасын жасау қамтамсыз етіледі. Сонымен бірге, балалар үйінде тәрбиеленетін сәбилер мен жасөспірімдер санын азайту мақсатында «қонақ отбасы» тетігі енгізілмек. Заң жобасы арқылы ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға, өтелмеген сотталғандығы бар адамдардың балаларды асырап алуына тыйым салынады.

«Химиялық кастрация бұл – уақытша шара, бұл бір реттік инъекция болады. Яғни, инъекция жасалғанан кейін ол өмір бойы осындай болып қалмайды. Инъекция сот және медициналық ұйым шешімі шыққаннан кейін жасалады. Осылайша, бір баланың болса да өмірін қорғап қалсақ, бұл дұрыс шешім деп ойлаймын», – деді сенатор Бірғаным Әйтімова.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

 

Талқылау