Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парламент Мәжілісінің депутатары өздерін таратуды сұрады

Бүгін Парламент Мәжілісінің ғимаратында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтіп, ол жерде халық қалаулылары мерзімінен бұрын Парламент мәжілісі сайлауын өткізу жөнінде ұсыныс жасады.

14321b17202c1433024813ec9837a45f

Баспасөз мәслихатына «Қазақстан коммунистер» партиясының жетекшісі Владислав Косарев пен «Ақжол» демократиялық партиясының Мәжілістегі фракциясының жетекшісі Азат Перуашев және “Нұр Отан” партиясының Мәжілістегі фракциясының өкілі Нұрлан Әбдіров қатысқан.

Мәлімдемеде үш партия өкілдері бесінші сессияның депутаттық тобын таратуды сұраған.

«Бұл мәселе өзарамызда жан-жақты талқыланды. Мұндай әрекет Қазақстан халқы мен Елбасымыздың депутаттардың алдына қойған міндеттерінің лайықты орындалуына, Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындауда өте маңызды қадам», – дейді Мемлекет басшысының атына үндеу жасаушылар.

Талқылау