Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парламент білім берудегі кемсітушілікпен күрес туралы конвенцияны ратификациялады

Конвенцияның мақсаты адам құқықтарының жаппай сақталуын және барлығының білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұлттар арасындағы ынтымақтастықты орнату.

 DVFU_Mirovaya_akuly_pera_Lii_Tompson_interaktivnye_lekcii_jurnalistskogo_rassledovaniya_studentov_3
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Қазақстан парламенті сенаты депутаттары “Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы” ҚР Заңын қабылдады.

Конвенцияның мақсаты адам құқықтарының жаппай сақталуын және барлығының білім алуға  тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұлттар арасындағы ынтымақтастықты орнату, сонымен бірге, білім беру саласындағы кез келген кемсітушілікті жою болып табылады. Жалпыға бірдей мүмкіндіктер теңдігі мен осы саладағы барлығына бірдей қарым-қатынасты көтермелеу қарастырылады.

“Конвенцияны Кеңестер Одағы 1962 жылы ратификациялаған болатын. КСРО ыдыраған соң  бұл конвенцияға өз еркімен қосылу процесі жүрді және көптеген елдер оны ратификациялады”,- деді білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов палатаның жалпы отырысында.

Талқылау