Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париждегі жарылыс: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Париждегі жарылыс салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар жоқ.

Бұл туралы Франциядағы Қазақстан елшілігі хабарлады, деп жазады 24 хабар арнасы.

Франциядағы Қазақстан елшілігінің мәліметінше, зардап шеккендер ішінде Қазақстан азаматы жоқ. Құтқару қызметі оқиға орнын тексеруде. Париж прокуратурасы тергеу ісін ашты. Соның негізінде жарылыстың негізгі себебі анықталады. Жақын жердегі қонақ үйге келушілер мен тұрғындар басқа жерге көшірілді. Билік өкілдері оларға уақытша баспана беретіндерін айтты.

Айта кетейік, Париждің орталығында үлкен жарыыс болып, салдарынан 4 адам қаза болғаны айтылды. Оның екеуі өрт сөндірші. 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы 37 адам жеңіл жарақат алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау