Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париждегі теракті кезінде жараланған әнші ұзақ уақыттан соң есін жиды

Парижде болған теракті кезінде «Батаклан» театрының залында отырған әнші Лаура Круаға 6 рет оқ тиген болатын. Ол ұзақ уақыт бойы комада жатып, енді ғана есін жиды.

74_tn

Мәліметтерге сүйенсек, жүрегінің жақын мағына тиген оқтарды алу үшін әншіге 10 рет ота жасалған.

«Ол есін жиған соң не болғаны жайлы сұрады. Оған қазір небір нәрселер елестеп жатыр. Көп адамдардың қайтыс болғанын біледі. Соған байланысты көп сұрақтар қоя береді», – дейді Лаураның үлкен ағасы Себастьян Круа.

13 қараша күні кешкілік үш ұйымдасқан террорлық топ Париж бен оның жанындағы Сен-Дени аумағында жарылыс жасаған болатын. Үш джихадшы Франция мен Германия арасындағы футбол ойыны өтіп жатқан “Стад де Франс” стадионында жарылыс жасады. Екінші топ (4 адамнан тұрады, оның біреуі әлі іздеуде жүр) Париждің солтүстік-шығысындағы кафе мен мейрамханаларды жаулап алған еді. Келесі үшеуі «Батаклан» театрының концерт залындағы адамдарды кепілдікке ұстаған. 130 адам теракті құрбаны болды. 350-ден аса адам жараланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Француздық БАҚ-ның Париж терактісін ұйымдастырушылардың есімдерін анықтағаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау