Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парижде туристерге акуламен бірге түн өткізу ұсынылды

Париж океанариум басшылығы келушілер үшін ерекше қызық әдіс ойлап тапты. Олар қонақтарға жан-жағын акулалар қоршаға жайлы төсекте бір түн өткізуді ұсынады.

ым

Сурет Airbnb

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Мөлдір океанариумда арнайы жатын бөлме ұйымдастырылған. Ол суға 10 метр тереңдікке дейін батырылған. Бір түнде акулалар жанына тек төрт адам ғана жіберіледі. Кездесу барысында фридайвингтан әлем чемпионы, су асты фотографы Фред Бюле қонақтар үшін жыртқыш жануарлармен бірге билеп те береді. Бұдан соң ол теңіз биологтарының бірімен саяхат жасап, акулалардың теңіз өміріндегі маңызы, олардың ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Бұдан бөлек, келушілер үшін аквариум ішінде романтикалық кешкі ас та ұсынылмақ.

Аттракцион тек үш күн ғана, 11-13 сәуір аралығында ғана жұмыс істейді. Бұдан кейін акулалармен бірге түн өткізу үшін салынған жатын орын теңіз биологтарының зертханасына жіберілмек. Бұл арқылы ғалымдар су жыртқыштарының қаншалықты тәртіпті болғанын бақылайды.

Мұндай керемет мүмкіндікке ие болу үшін, үміткерлер арнайы конкурсқа қатысуы керек. Олар сайттағы парақшаны толтыруы тиіс. Олар өзі жайлы айтып, қаншалықты су астында өзін батыл ұстайтындығы туралы баяндауы тиіс.

Бұл француз астанасындағы алғашқы қызықты ұсыныс емес. Қазан айында Airbnb хеллоуин түнінде Париждің ірі зиратханасында түнеуді ұсынған.

Талқылау