Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парижде ескі көліктердің кіруіне тыйым салынды

1 маусымнан бастап Парижде 1997 жылға дейінгі шыққан көліктер мен 2000 жылға дейінгі мотоциклдерді айдауға тыйым салынады.

Старые-машины-в-Париже

Сурет: ftimes.ru 

4 жылдан кейін осы ереже бойынша 2010 жылға дейінгі транспортты көліктерге тыйым салынбақ.

Бұл мәселе туралы былтыр ұсынылып, ереже биыл күшіне енді. Көліктер мен мотоциклдер европалық классификациялаудың алты категориясына сай әйнегіне жапсырма қағазы жапсырылып, қаланың түрлі аймақтарына жіберіледі. Қала аймақтары ауаның ластануы сынды бірнеше факторлар бойынша анықталады.

2016 жылдың 1 маусымы мен 1 қазанына дейін жүргізушілер арнайы жапсырманы алып үлгеруі тиіс. Алайда, оларға айыппұл салынбайды. Кейін жыл соңына дейін жеңіл көліктерге 35 евро, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 78 евро көлемінде айыппұл салынады.

Франция қаласында ескі көліктер барлық көліктің 10 пайызын құрайды екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары ауаның ластануынан қалада жылына 42 мың адамның көз жұматынын анықтаған.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар ескі көліктеріне утилизация ақысы ретінде 350 мың теңге ала алады

Талқылау