Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парафиева ісі: Аяғымнан тұру үшін 20 млн теңге керек

Алматыда жол апатынан екі аяғынан айрылған Екатерина Парафиева сот барысында өзінің сөзін жеткізді. Қазір сот алдында 24 жастағы автобус жүргізушісі Дәурен Жаңабаев жауап беріп жатыр.

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Бүгінгі отырыста Екатерина Парафиева не себепті 20 млн теңге талап етіп отырғанын түсіндірді.

«Менің өмірім екіге бөлінді. Мен салауатты өмір салтын жақсы көретінмін, үнемі тауға, шығып, серуендеп, сноуборд теуіп, марафондарға қатысатынмын. Жоспарларымның бәрі күл-талқан болды. Жасыма жетпей мүгедектер арбасына таңылдым.

Балам үшін ештеңе істей алмайтынымды ойласам, өте қиын. Ешқандай ақша маған аяқтарымды қайтармайды. Маған ары қарай өмір сүру керек. Бұл ақша маған өзімді толыққанды адам ретінде сезінуім үшін керек. Камри жүргізушісі өзін естен айрылып қалдым деп айтып жатыр. Апат кезінде не болғаны менің түгел есімде.

Мен түсінбеймін Тойота жүргізушісі қауіпсіздік жастығына ұрылған соң қалай есінен айрылады? Автобус жүргізушісі де Тойота жүргізушісі де мұндай кезде маневр жасамай-ақ, көлікті тоқтатулары керек еді», – деді Екатерина Парафиева сотта.

Парафиева 2 желтоқсанда ота жасататынын айтты. Сондықтан оның сот процесіне қашан тағы келетіні белгісіз. Алайда судья сотты оның қатысуынсыз жүргізе беретінін айтты.

Айта кету керек, сот процесі кезінде Тойота жүргізушісі Ұлан Абдуалиев пен автобус жүргізушісі Дәурен Жаңабаев екеуінің айтқан сөздері үйлеспейтіні белгілі болды.

Тергеуші Абдуллаевтың айтуынша, Тойота жүргізушісі жол апатының алғашқы кестесімен келіспеген. Келесі күні шағым түсіріп, кестені қайта сызғызған.

«Тойота жүргізушісі алғашқы тіркелген кестенің қателігін айтып, арыз түсірді. Оның айтуынша, алғашқы кезде шок жағдайында қате жеткізген. Осылайша оқиға орнына барып қайтадан жол апатының кестесі жасалды. Бірақ оның түсініктемені өзгерткені жайлы Жаңабаев пен оның қорғаушысына хабарламадық. Себебі ол арызданбады», – деді тергеуші Абдуллаев.

Тойота жүргізушісі Ұлан Абдуалиев сынған люкты оң жағынан айналып өттім десе, автобус жүргізушісі сол жағынан өтті деп түсініктеме берді.

«Люкке шамамен 60 метр қалғанда көрдім, оны оң жағынан айналып өттім, себебі айнадан қарағанда ешқандай кедергі болған жоқ. Бірнеше секундтан соң соққы болды. Жылдамдығым шашамен 80 шақырым болатын», – деді Ұлан Абдуалиев.

Автобус жүргізушісі оның айтқандарын жоққа шығарды.

«Ол шеткі сол жолақпен, мен ортаңғы жолақпен келе жаттым. Люкты көрген соң оң жағымен айналып өттім, ал Камри сол жағынан айналды. Сосын тез арада ортаңғы жолға түсіп кетпекші болды. Алдымнан тез атып шыққанда, мен оңғай қарай қашам деп оны соғып алдым», – деді Дәурен Жаңабаев.

Еске сала кетейік, Е. Парафиева 16 маусымда Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан жапа шеккен болатын. Honda CRV көлігін тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған.

Содан жол шетіне тоқтап, сыртқа шығып, көліктерін қарап жатқан кезде ортаңғы жолақта келе жатқан Toyota Camry машинасын автобус соққан. Қатты соққыдан Toyota Camry көлігінің артқы бөлігі ұшып келіп Honda CRV көлігіне тиген. Салдарынан қыздар ортада қысылып қалып, біреуі екі аяғынан айырылған болатын.

Қазір Катя белгілі ерікті, жаттықтырушы Кира Ударцеваның көмегімен оңалту шараларынан өтіп жатыр. Енді ол арнайы жаттығулардың арқасында протез киюге дайындалмақ.

Келіншек қайырымдылық шараларына, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуды бастады. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша үміт сыйлап, күресуге кеңес беріп келеді. Екатерина қазір жаттығу залына барып жүр.

Оқи отырыңыз:

Алтынай Жорабаева: Сәбит 1 жылдан бері қыздарын іздеп келген емес

Дәурен Айдарқұлов кино үшін ер адаммен сүйіскенін айтты

Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді

Мейрамбек Бесбаевпен бірге «Алғашқы махаббат» картинасына түскен ару қазір қайда жүр?

Талқылау