Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Пара алмайды”: Өнер иелері Майғазиевтің лауазымды қызметке лайық екенін айтты

Жақында өнер академиясына проректор болып тағайындалған Сәкен Майғазиевтің жаңа қызметіне ең бірінші болып әншілер қауымы қуанды. Мәселен, Қарақат Әбілдина әріптесінің басшылық қызметке дер кезінде келгенін айтады.

Сәкен Майғазиев

Өзге де танымалдар Майғазиевтің жаңа қызметіне қатысты пікірлерімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Нағыз дер кезінде, піскен, дайын шағында өнердің қара шаңырағында проректор болу, басшылыққа бару, үлкен істі қолға алу – үлкен жауапкершілік. Қуанбаған ел жоқ, өнер ордасын өнердің өз өкілі басқаруы керек. Сонда ғана ол өседі, өркендейді, дамиды. Не жетпей жатыр? Не істеу керек? – деген мәселелердің барлығына шығармашылық көзқараспен келеді деп сенемін”, – дейді Қарақат Әбілдина.

Сол сияқты Жазира Байырбекова да Сәкенді жаңа қызметімен құттықтады.

“Сәкен Майғазиевті біз 25 жылдан бері танимыз, бірге оқығанбыз. Бұл – бірінші баспалдағы. Сәкен, құтты болсын”, – деп тілегін жеткізді ол.

“Жігіттер” тобының солистері де алдыңғы буын ағаларының басшылық қызметке тағайындалғанына қуанышты.

“Өнер адамдарында ең бастысы, жүрек, сезім бар. Олар сахнаға тәй-тәй басып шыққаннан бастап халыққа жақын. Ең бір қуанатын нәрсе – пара алмайды. Өйткені біздің табатын табысымыз концерттен, тойдан. Ол кісілердің еңбегі таза, адал”, – дейді Бағлан Әбдірайымов.

“Осындай кісілердің “креслоға” барғанын құп көремін. Неге десеңіз, оған лайықты адам. Сәкен ағамыз сөзімен де, ісімен де соны дәлелдеп жүрген ағаларымыздың бірі ғой”, – дейді Ердос Қанаев.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау