Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара ретіне әуе билеттеріне дейін алған полицейге сот үкім шығарды

Маңғыстау облыстық  көші-қон  полициясының басқарма инспекторы А.Қанатбаевқа қатысты сот үкім етті,- деп хабарлайды  STAN.KZ

сот акт

Ақтау қалалық сотының шешімі бойынша А. Қанатбаев ҚР ҚІ 366 баптың 3- бөлімі 4- тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды және оған тиесілі мүлік тәркіленеді, – деп хабарлады Маңғыстау облысының баспасөз қызметі.

А. Қанатбаев «Clavon Engineering Kazakhstan» ЖКС өкілі Б. Максимовадан шетел азаматтарының құжаттарын тез арада рәсімдеу үшін пара алған. Айыпталушы ақша ғана емес, құны Т411 858 болатын авиабилеттер де алған. Сонымен қатар, Ақтау қалалық соты Маңғыстау облыстық ІІД-не миграциялық полиция басқармасы басшының қылмыстық әрекеттерін ашуға қаулы шығарды.

Талқылау