Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Папарацциядан қорғайтын шарф сатылымға шықты

Голландиялық дизайнер жарыққа шағылысатын материал арқылы адамның жүзін фотоаппарат жарығы түскенде байқалмайтындай ететін қасиетке ие шарф ойлап тапты.

xw_1275975

Сурет vesti.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

ISHU брендімен таралған шарф онлайн сатылымға 350-710 доллар аралығындағы бағамен шығарылды. Сонымен қатар,

Алайда папарацция өкілдері болса, бұл кедергі бола алмайды деп отыр. “Жұлдыздар шарф оранып, жұрт көзінен жасырынған күні олардың мансабының соңы болған күн деп айтуға болады”, – дейді сиднейлік репортер Джейми Фосетт.

Дизайнер Саифаның ойына бұл идея 2009 жылы келген екен. Достары оны суретке түсірмекші болғанда, велосипед түсінің шағылысуынан кадр тұманды болып қалған. Ол осылайша киім, аксессуарларды осы идея негізінде жасай бастаған.

Ол өз өнімінің сондай-ақ, музейлер, арт-галерея және жабық клубтар үшін де пайдалы боларына сенімді.

Талқылау