Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Панфиловтың немересі Путиннен көмек сұрап хат жазды

Иван Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамова Ресей президенті Владимир Путинге ашық хат жазды.

A.-Baykadamova

– 28-панфиловшылар дивизиясы Мәскеуді қорғап қалу үшін өмірін қиғаны бәріне белгілі. Бірақ бүгінде жеке басының пайдасы үшін тарихты бұрмалап, батырлардың есімін өзгертіп жатқаны жанға батады. Онда атам Иван Панфиловтың ерлігіне ғана емес, бүкіл дивизияның ерлігіне күмән келтіріп отыр. Соны ескерсеңіз екен деймін”, – деді Айгүл Байқадамова Путинге жазған хатынжа.

 Және  Байқадамова Мироненко мен Артизованы жауапкершілікке тартуды сұрайды. Айтуынша, 1948 жылы тергеу кезіндегі анықтамаға сүйеніп, 2001 жылдан бері 28 панфиловшылар дивизиясынның ерлігін жоққа шығарып, ел арасында тарихқа қатысты арандатушылық жасап жатыр.

Осы жылдың сәуір айында  “Коммерсантъ” басылымына  Сергей Мироненконың сұхбаты шыққан. Онда Мироненко  неміс танкілерімен бүкіл полк соғысып, 100 адам қаза болғанын айтқан. Және сол кездегі саясат бойынша  батырлар ойдан шығарылған.  Соның бірі – 28 панфиловшылар гвардиясы- деп көрсеткен.

 

Талқылау