Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Панама офшорларының тізімінен министр Сағадиевтің де аты-жөні шықты

Халықаралық журналистік зерттеу консорциумы (ICIJ) Панама аралдарында офшорға иелік етіп отырған, Mossack Fonseca фирмасының тұтынушысы атанған 200 мыңнан астам адам қатарын толықтыра түсуде.

12_main

Сурет kursiv.kz

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Жаңартылған тізімде ҚР білім және ғылым министрінің де аты-жөні пайда бола кеткен. Ол жерде Ерлан Сағадиевтің Mossack Fonseca фирмасынан алғаш рет 2009 жылы есепшот ашқаны көрсетілген. Министрдің өзі ұзақ уақыт бизнесмен болғандықтан, Панама офшорынан аты-жөні шығуының ешқандай сенсация еместігін айтқан.

“Мен бизнесмен ретінде 25 жыл бойы кәсібімді құрып, дамытып, сатып алып, сатып әлемнің 10-нан астам елінде сауда-саттық жасадым. Бірқатар халықаралық консорциумдардың акционері болдым. Қазір жекешелендіру оңай. Ал мемлекеттік қызметке орналасқалы бері мен бизнеспен айналыспаймын. Бұл халықаралық тәжірибе, демек ешқандай сенсация емес”, – дейді министр.

Ерлан Сағадиев министрлік тізгініне ақпан айында келген болатын. Бұған дейін ол ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметтерін атқарды.

90 жылдары Сағадиев Developed Technology Resource (Миннеаполис, Миннесота штаты) компаниясында технология маркетингі жобасы жетекшісі қызметін атқарды. Компания 2003 жылы наурыз айында өзінің 30 пайыз үлесін Делавэр штатында тіркелген қазақстандық “Фудмастер” компаниясына сатты. Бұл сатылым Ерлан Сағадиев үшін өте сәтті өтті. Ол өзінің акциясын француздық Lactalis сүт өнімдері компаниясына сатқан. Сарапшылардың бағалауынша, сатылым құны шамамен 45-50 миллион долларды құраған.

Журналистер жүргізген зерттеуге көңіл аударсақ, офшорлық қорда ақша жасырғандар қатарында Сауд Арабиясының королі, Әзербайжан президентінің балалары және Пәкістан премьер-министрі де бар екен. Бұған дейін ICIJ ұйымы Ресей президенті Путиннің байлығын екі миллиард доллар деп бағалаған еді.

Талқылау