Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Панама құжаттарының» кесірі Дэвид Кемеронға да тиді

Ұлыбританияда күн өткен сайын премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етушілер саны артып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Безымянный

Сурет 365news.biz

Офшорға қатысты ақпараттар алғаш тарағанда Кэмерон «тыққан ешқандай ақшам жоқ» деген еді. Кейін офшордағы әкесіне тиесілі компанияда үлесі барын мойындауға мәжбүр болды. Енді, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы маңызды референдумға 3 ай қалғанда премьер-министр саяси даудың ортасында қалып отыр.

Айта кетсек, ел парламентіндегі оппозиция бұған дейін “Панама құжаттары” аталып кеткен офшорлық әрекеттер туралы есепте Кэмеронның туысының аты аталуына байланысты тәуелсіз зерттеу жүргізуге шақырған болатын. Құжатта Кэмэронның әкесінен бөлек, премьер-министр басқаратын консервативтік партияның бірнеше өкілінің аты кездеседі.

Талқылау