Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Памперс болған жоқ": Жазира Байырбекова жүректі жылытқан естелігін бөлісті

Танымал әнші желідегі парақшасында ұлы мен оның туғанындай болып кеткен бауыры туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жазира

Жазира Байырбекова "Абысыным екеуіміз менің балам, сенің балаң деп бөлмей, жөргегін бірге жуа беретінбіз (қолмен)", -  деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өнер иесі памперс болмағанын, балалардың жөргекті толтырып тастайтынын айтып, жылы естелігін бөлісті. Жазира Байырбекова бүгінде апталдай азамат болған жігіттердің балалық шағына саяхат жасады.

 

"Нұрдәулет - Қазбектен 3 айға кіші інісі. Бірақ, "әкесі үлкеннің жолы үлкен" деп, Қазекең де оны сыйлайды", - деп студенттердің Алматыда отбасымен бірге тұратынын жеткізді.

"Біздің бар шаруамызды атқарып жүретін азаматтар болып өсті. Аллаға шүкір! Екеуі Аралда бір үйде туған. Екі бесікте жататын. Бала кезін еске алып күліп аламыз кейде", - дейді әнші.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр