Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пакьяо Головкинмен кездесу үшін салмағын көтеруге дайын

Филиппиндік кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяоның бапкері Фредди Роуч Dontae’s Boxing Nation басылымына берген сұхбатында өз шәкіртінің қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін екендігі жайлы айтқан.

Gennadij-Golovkin.-Foto-vesti.kz_

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Пакьяо – Головкин кездесуі ме? Егер ол 154 фунт салмақта өтетін болса, ешқандай қиындық жоқ. Мен келісемін. Мэнни қажет салмақты қоса алады деп ойлаймын», – деді Роуч. Бұған дейін Голвкиннің бапкері Абель Санчес те екеуінің кездесуі аталған салмақта өтуі мүмкін екендігін айтқан болатын. 37 жастағы Мэнни Пакьяо кәсібқой рингте 66 (58-6-2) кездесу өткізген. Бүгін ол америкалық Джесси Варгаспен айқасқа түседі.


Жіберіп алмаңыз:

Мэнни Пакьяо: Менің боксқа қайта оралуыма Головкин әсер етті

Илья Ильин спортты тастап мемлекеттік қызметке ауысып жатыр

Қанат Ислам жекпе-жектен соң екі қолының қандай күйге түскенін көрсетті (фото)

БАҚ: Ауыр атлеттеріміз халықтан кешірім сұрап, сыйға алған қаржыны қайтаруы тиіс

Талқылау