Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәктігінен күштеп айырылған қыз жігіт атаулысынан қорқып қалған

Қазақстандық бойжеткен басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Қыздығынан күштеп айырылған ол енді жігіт атаулысына жолаудан қорқып қалған екен.

72960446_m-e1490806968967

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

Самира Алтынбекованы (есімі өзгертілді) жақсы танысы төсек қатынасына итермелеп, ақырында қыздық пердесіне зақым келтірген. Осыдан кейін бойжеткен жігіттерден қатты қорқып қалғанын айтып жатыр. Ал әлгі жігіті үйленгісі келетінін айтып, соңынан қалмай жүр екен.

«Адам бармаймын деген жеріне шыр айналып барады екен. Бұрын ештеңені түсінбейтінмін. Барлығы адамның өзіне байланысты деп ойлайтынмын. Тағдыр болған соң, басқа салғанды көреді екенсің. Қазіргі басымдағы жағдайды дұшпаныма да тілемеймін. Мен де көп қыздардың бірі сияқты алданып отырмын. Содан бері өмірден безіп кеткім келеді. Аманатына қиянат жасаймын ба деп Алладан қорқамын. Өзім пәктігімді тек күйеуіме арнаймын деп өскен қызбын. Еркімнен тыс болғандықтан, байқамай қалдым. Мені сөгетін шығарсыздар?! Бір түсінгенім – асылық айтпау керек. Шүкір, алға қойған мақсаттарымды орындап келемін. Өкінішке орай, барлығын реттей алсам да, қыздығымды қалпына келтіре алмаймын.

Қанша жерден керемет болсам да, арымның кірлегеніне өкінемін. Болашағымды ойласам, тіпті, қорқамын. Тұрмыс құрмай өтетін сияқтымын. Қазір қыздыққа қарамайды деп жатады. Бірақ, менің оған арым жібермейді екен. Ендігі мақсатым – мансап жолында өрлеу. Әпкелерім, қыздық перде алынған соң, жақсы күтім керек деп жатады. Сол жөнінде ақпарат бөліссеңіздер. Гинекологқа барып көріндім. «Қатты зақымданған. Қыздығың жоқ» деген кезде шыдамай шығып кеттім. Көп қан келген болатын. Өзім де ауырып жатып қалдым. Қазір жігіт атаулысын жеккөремін. Ол жігіт те менен айырылғысы келмейді. Үйленгісі келетінін айтады. Бірақ, мен қатты қорқып қалғанмын», – дейді Самира Алтынбекова.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

32 жастағы қыз жұрттан өзі үшін дұға етуді сұрады

Анасының қалауымен 9 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан қыз әрекеті үшін өкінді

Көңілдес: Келіншегінің де, менің де аяғым ауыр

Күйеуі денесінің 50 шақты жерін көгерткен келіншек үйіне қайтуға қорқып қалған

Талқылау