Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкпін деп алдаған аруды шымкенттік күйеуі бір түнде қуып жіберген

25 жастағы Байқоңыр қаласының тумасы басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Оны шымкенттік күйеуі пәк болмағаны үшін үйден қуып шыққан екен.

17818407_741585612689345_4285590836931985408_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдаралмасында айтылды.

«18 жасымда Астана қаласына келіп оқуға түстім. Медициналық колледжде өзіммен құрдас жігітпен таныстым. Ол Астана қаласының тумасы еді. Ал мен аталған қалаға Байқоңырдан келдім. Екі жыл кездесіп жүргенде ол мені отбасымен таныстырған емес. 20 жасымда менің туған күніме тосын сый жасағысы келетінін айтып, достары күтіп отырған бір жерге алып бармақ болды. Ортақ достарымыз бар шығар деген оймен келісімімді бердім. Барған жерімізде ешкім болмады. Тек екі адамға арнап дастархан жайып қойған екен. Сол кезде алғаш рет төсектес болдық. Мені қинады деп айта алмаймын. Оған сол сәтте толықтай сенім артқан едім. Күнделікті сабақта араласып, мейрамдарды бірге атап өтіп жүрдік.

Арада екі ай өткен соң досының тойына жалғыз барғысы келетінін айтты. Он шақты жігіт клубқа барған. Барлығы ішімдік ішкен. Сол түні клубта адам өлімі болып, жігіттердің барлығы уақытша түрмеге қамалады. Арасында кейбіреулері босатылып, қалғандары түрмеге қамалды. Ішінде жігітім 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Мен оны соңына дейін күтемін деп ойладым. Арада біраз уақыт өтіп дипломымды қолға алдым. Осы аралықта оны түрмеге іздеп барған емеспін. Оған ешнәрсе айтпасам да, іштей оны күтуге шешім қабылдаған болатынмын. Мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Ақыры ойын-сауық орталығына сатушы болып орналастым.

Сол жерде өзім секілді жас қыздармен танысып, барлығымыз бірге тұрдық. 8 наурызда күзетші жігіттермен қыдыруға шықтық. Ойымда ешнәрсе жоқ, оларға толықтай сеніп қыдыруға шықтым. Бір шетінен өзім жас болдым. Сол уақытқа дейін ішімдікке жақындаған емеспін. Түнімен не болғаны есімде жоқ. Ертесінде есімді зорға жидым. Бір жігітпен төсектес болып қойған екенмін. Бала көтермедім. Жаңағы жігіт ойын-сауық орталығында жұмыс істейтіндіктен, оны күнде көріп жүрдім. Сол бір түн туралы ешкімнен ашып сұрай алмадым. Арада біраз уақыт өткен соң күзетші жігіт өздігінен жоқ болып кетті. Ол кезде мен небәрі 22 жаста едім. Бір күні орталықтан кетіп, балабақшаға жұмысқа тұрдым. Жаңа жұмысым өзіме ұнады. Осы балабақшада бір бойдақ жігітпен таныстым. Астана қаласына жұмыс істеуге келген екен. Нөмірімді алып, қыз-жігіт болып кездесіп жүрдік.

Ол үйленуге ұсыныс білдірсе де, жағдайымды ашып айта алмадым. Қарым-қатынасымыз шынайы болды. Жаңағы жігіт Шымкенттің тумасы болатын. Оңтүстікте қыздың пәктігін тексеретінін жақсы білемін. Медициналық орталықтарға барып қыздық пердемді қайта жасатпақ болдым. Бір дәрігермен келісіп, қыздық перде жасаттым. Дәрігер оның уақытша нәрсе екенін айтуды ұмытып кеткен екен. Отаның құны – 50 000 теңге. Мен ұзатылып, ол жақта той бір айдан кейін болды. Осы уақыт ішінде арамызда басқа қарым-қатынас болмады. Тойдан кейін жақындасып, менен қан ақпады. Жаңағы қыздық перде өз күшін жойған екен. Осыдан кейін күйеуім мені үйден қуып шықты. Мені масқаралап, үйіндегілерге естіртіп айқайлады. Шындықты айтсам, жақсы жігіттен айырылып қаламын деп қорықтым. Осы әрекетім үшін қатты өкінемін. Өткенді қайтара алмайтыным анық», – дейді Сара.

Студияға қонақ ретінде келген әжей Сараның әрекетін мүлдем құптамады. Оны алдағы уақытта шыншыл болуға шақырды. «Сара қызым, екі рет шалыс бастың. Біз білмейтін қателіктерің де бар шығар. Қыз баласына жүрегіміз ауырып, жанымыз ашиды. Теңімді таптым деп қуанып отырсың. Өтірік айтпауың керек еді. Бәлкім ол түсіністікпен қарайтын еді», – дейді әже.

Ал психолог Венера Тельжан өз кезегінде Сараның әрекетін түсінетінін жеткізді. Себебі, маманның қабылдауына көбінесе жігіттерге алданатын немесе зорланған қыздар келеді екен. «Қазіргі таңда өмір қиындап кетті. Әйел адам бір жақсы ер азамат көрсе, оны ұстап қалу мақсатында түрлі әрекет жасайды. Кірпік жабыстырып, шашты ұзартамыз. Сара қыздық пердені қайтадан қалпына келтірген. Бұл алдыңғы ғасырдың 60-жылдарында пайда болған. Маған көбінесе зорланып, алданып қалған әйелдер келіп жатады. Көбісі осыған барады. Жаңағы отаның екі түрі болады. Бірінде қыздық перде екі аптаға дейін жарайды. Екіншісінде үш қабат етіп жасалып, өмір бойына дейін жарай береді. Ал гинеколог бұл қызды алдап жібере салған», – дейді Венера ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігіті: Қаракөздеріміз нәпсілерін тыйса, ешбір жігіт тиіспейтін еді

Қазақстандық ана “қыздық пердесінен айырылған” 3 жасар қызы үшін алаңдап жүр

Қазақстандық әйел: Пәк еместігімді күйеуім бетіме басқан емес

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Талқылау