Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістандық Ким Кардашьянды ашық түскен суреті үшін ағасы тұншықтырып өлтірді

Пәкістандық модель Кандил Балоч Пенджаб провинциясындағы өз үйінен өлі күйінде табылды. Қызды туған ағасы Васим ашық киінгені үшін тұншықтырып өлтірген.

Kandil-Baloch

Сурет storiespress.com

Бұл туралы BBC News хабарлайды.

Полиция 26 жастағы танымал моделдің интернетте жариялаған ашық-шашық фотолары үшін құрбан болғанына сенімді. Балочтың ата-анасы Кандил мен Васимнің жұма күні кешке өте қатты ұрысқанын айтты. Ал қыздың денесін олар сенбі күні таңертең тапқан. Әкесі мен шешесі жағдайды түсіндіру үшін қамауға алынды.

Ал қашып кеткен Васимді қазір полиция іздестіріп жатыр.

Балоч пен оның отбасы өздеріне төнген қауіптен кейін Карачиден Пенджаб провинциясына көшіп келген екен. Қыз өзін қорғауды құқық қорғау органдарынан сұрағанымен, олар қарсылық танытқан. Жұртшылық пәкістандық қызды тек ашық суреттері үшін ғана емес, күмән тудыратын мұсылман мүфтилерімен түскен суреттерінен кейін де кінәлаған.

2014 жылы ол интернетке “Менің келбетім қандай?” дпе сұрап арнайы видеожазба жариялағаннан кейін, көпшілік оны танымал Ким Кардашьянмен салыстыра бастаған болатын. Ролик өте кең таралды. Елдің көптеген тұрғындары Балочты қолдап, оны стилі мен еркін көзқарасы үшін құрметтей бастаған. Бірақ, оған қарсылық танытатын адамдар аз болмады.

Талқылау