Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанда күйеуге шығудан бас тартқан әйелді өртеп жіберді

Белгісіз топ жас пәкістандық оқытушы әйелге шабуыл жасап, оны ұрып, сосын өртеп жіберген.

1212

Сурет ntv.ru

Мария Сағадат өзі сабақ беретін мектеп бастығының ұлына күйеуге шығуға келісім бермеген. Қыздың әкесі шабуыл жасағандардың арасында сол ұл да бар дейді. Полиция бұл іске қатысты зерттеуге кірісіп кетті.

Дәрігерлер әйелдің денесінің 85 пайызын күйік шалғанын, қатты жарақаттан ақ халаттылардың да құтқарып қалуға қауқарсыздық танытқанын айтады.

Әйелдерге қарсы мұндай шабуылдар бұл елде жиі кездеседі екен. 2015 жылдың өзінде мыңнан астам әйел осындай топтың құрбаны болған. Сәуір айында премьер-министр Наваз Шариф сондай өлімдердің себептері көп жағдайда отбасындағы дау, өзге адаммен қарым-қатынас жасау және күйеуге шығуға қарсылық екендігін айтқан.

Ақпан айында Пенджаб провинциясының билігі әйелдерге күш көрсеткендерге қарсы қолданатын заң қабылдаған болатын. Алайда ол  кезде 30 діни ұйым, ішінде саяси партиялар да бар, барлығы заң тоқтатылмаса қарсы көтерілетінін айтып дабыл қақты. Олар бұл заңды әйелдердің ерсі қылығын қолдау деп бағалаған. 1980 жылдан бастап келе жатқан ереже бойынша зардап шегушінің отбасы кінәлі тарапты ақша немесе өтемақы алу арқылы кешіруге міндетті.

Талқылау