Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер лас шприцті пайдаланып, 400-ден астам адамға ВИЧ жұқтырды

Пәкістанның оңтүстігіндегі шағын ауылда 400-ден астам адам жергілікті медиктің салғыртығынан АИТВ жұқтырған. Олардың көпшілігі балалар, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі South China Morning Post-қа сілтеп.

Инфекция

Синд провинциясының билігі оқиға орын алған ауылға бірнеше медициналық пункттер орнатқан. Адамдар өздерінің АИТВ-статусын тексеру үшін отбасылармен кезекте тұр.

Ауруды жұқтыруға себепші болған, қолданылған шприцті пайдаланған дәрігер ұсталып, жауапқа тартылған. Дәрігердің өзі де АИТВ жұқтырғаны белгілі болды. Тергеу нәтижелері әлі анықталған жоқ. Инфекцияның жүздеген адамға берілуіне әкеп соққан қылмыстық іс немқұрайлылық салдарынан ба, әлде қасақана пиғылдан болған іс па анықталып жатыр.

UNAIDS мәліметтері бойынша, елде медициналық дағдылары мен білімі жоқ шамамен 600 мың дәрігер-шарлатан жұмыс істейді. Олардың көпшілігі үнемдеу мақсатында бір реттік шприцтерді қайта пайдаланады және қан құю кезінде санитарлық нормаларды сақтамайды.

2017 жылы Пәкістанда АҚТҚ жұқтырудың 20 мың жағдайы тіркелген. Азияда инфекцияның таралу жылдамдығы бойынша бұл елді тек Филиппин басып озады.

 

Талқылау