Пәкістан полицейлері 10 жастағы қызды күйеуге бермек болған ауыл ақсақалдарын тұтқындады

Сенбі, 5 Наурыз , 2016 19:57

Пәкістандық полиция 10 жастағы қыз бен 14 жастағы жеткіншектің үйлену тойына кедергі келтірді. Екі баланың жанұясы осылайша өз араларында туындаған өшпенділікті баспақ болды.

20160305115422

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Пенджаб провинциясындағы ауылдың ақсақалдары қалыңдықтың ағасына өз әйелін опасыздық жасады деген күдікпен өлтірді деген айып тағылған соң осындай шешім қабылдаған. Ол қамауға алынып, түрмеге отырғызылды.

Бұл мәселеге қанық жандардың айтуынша, әдетте туысы жасаған қылмысты өтеуі үшін жанұядағы қыз бала зардап шеккен жаққа күйеуге шығуы тиіс. Алайда елде бұған ресми түрде тыйым салынған. Бірақ жер-жерде мұндай оқиғалар орын алып жатады.

Полицияның хабарлауынша, осы іске байланысты ауылдың төрт қариясы қамауға алынды.

Той жұма күні болуы тиіс еді, алайда құқық қорғау органдары келіп, кедергі келтірді. Тағы жиырмаға жуық күдікті іздестірілуде.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар