Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіңсіз өткен 13 жыл: Мақпал Жүнісова күйеуінің мұрағаттағы суреттерін жариялады

Күні кеше белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің өмірден озғанына 13 жыл толды. Осы орайда Мақпал Жүнісова күйеуінің архивтегі суреттерін жариялап, оған деген сағынышын желі арқылы жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Өзіңсіз өткен 13 жыл: Мақпал Жүнісова күйеуінің мұрағаттағы суреттерін жариялады

“Өзіңсіз өткен 13 жыл, мұңайтты да, қатайтты. Қайтеміз, көндік бәріне, Еске алып тағы отырмыз. Топырағың торқа болсын, Зәкем”, – дейді Жүнісова жазбаларының бірінде.

Өзіңсіз өткен 13 жыл: Мақпал Жүнісова күйеуінің мұрағаттағы суреттерін жариялады

“Бір қолымен көтеріп алушы еді-ау жарықтық”, – деп еске алды Жүнісова тағы бір жазбасында.

Әдетте елдің жазған пікіріне ерінбей жауап беретін Халық әртісі бұл жолы ешкіммен тілдескісі келмеген ұқсайды. Ол Заманбек Нұрқаділовке қатысты жазбаларына пікір қалдыруды шектеп қойған.

Сондай-ақ, қызы Мерей де әкесіне деген сағынышын әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

Өзіңсіз өткен 13 жыл: Мақпал Жүнісова күйеуінің мұрағаттағы суреттерін жариялады

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау