Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіңізді тексеріп көріңіз: Кедейлерде ғана болатын 10 зат

Тізімнен өзіңізде бар затты көріп қалсаңыз, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңыз туралы ойланғаныңыз жөн. Бәлкім қалтаңыз қалың болса да, психологияңызды өзгертіп үлгермеген шығарсыз?

Бұл туралы gubdaily.ru басылымы жазды.

Консервілерге арналған ашқыш

Жуырда Британияда әлеуметтік желіге DonutCone есімімен тіркелген қыз бұл заттың тек кедейлердің үйінде болатынын айтты. Себебі, мұның орнына тез ашылатын консерві түрін алуға болады екен. Олардың бағасы аздап қымбат екені де рас. Ал арзанын расымен де ашқыштың немесе пышақтың көмегімен ғана аша аламыз.

Пакеттердің пакеті

Бай адам супермаркетте азық-түліктерді бірнеше пакетке қабаттап салмайды. Ал кедейлер оны қабаттап салғанымен қоймай, сол пакеттерді ұзақ мерзім бойы сақтап жүреді.

“Жұпсыз” шұлық

Бай адамдар бір “жұбы” жоғалған шұлықты бірден қоқысқа лақтырады. Ақылдылары дәл сондай шұлықтың біреуін сатып алады. Ал тұрмыстық жағдайы нашар адамдар мұндай шұлықтарды бір-бірімен үйлеспесе де киіп жүре береді.

Арзан дәретхана қағазы

Арзандарын бірнеше рет қабаттамасқа амал жоқ. Олардың жұқа болатынын көпшілік біледі. Осының салдарынан оларды үнемдеу мүмкін емес. Ал кейбір қалың әрі арзан түрлері жайсыздық сезімін сыйлайды. Себебі, олар қатты қағаздан жасалады.

Сізге сай келмейтін киім

Тым арықтап немесе толысып кеткен болсаңыз, киімдеріңізді біреуге беріңіз. Оларды қайтіп киюге болатын уақытты күтпей-ақ қойыңыз. Шаң-тозаң жинайтын заттарды сақтаудың не қажеті бар?

Мерзімі өтіп кеткен косметика

Мерзімі өтіп кетсе де, косметика құртылмайды деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ, шын мәнінде, сіз қатты қателесесіз. Өзіңізді жиі ревизия жасап тұруға дағдыландырыңыз. Мерзімі өткен косметиканы пайдалану ашып кеткен майонезді тұтынумен бірдей.

Арзан азық-түлік

Дұрыс тамақтану тәртібін сақтау үшін көп ақша жұмсауыңызға тура келеді. Бірақ, осы дұрыс тамақтанудың арқасында денсаулығыңыз мықты болып, бақытқа кенелетіңізді ұмытпаңыз. Жоқ дегенде айына бірнеше рет қызыл балық пен авокадо сатып алып жеуге болатын сияқты.

Арзан декор

Бұл талғамыңыздың жоқтығын немесе ақшаңыздың аздығын білдіреді. Қытайда жасалған заттарды ары-бері тасығанша, ақша жинап, қымбаттырақ заттар сатып алған дұрыс.

Тамаққа арналған пластик контейнерлер

Сыртында «7», «PC», «ПК», A (BPA), S (BPS) деген жазуы бар пластик ыдыстарды ойланбастан қоқысқа тастай беруіңізге болады. Мұндай жазуы бар ыдыстар адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді.


Жіберіп алмаңыз:

Күйзелістен арылуға көмектесетін 6 қадам

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Елімізде туыстары рұқсат бермесе де, марқұмның ағзалары донорлыққа пайдаланылады

Әйелдің мінезін омырауының пішініне қарап таныңыз

Талқылау