Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінің немересін жезтырнақ кейпінде қорқытқан америкалық өмір бойына сотталды

Оклахома-Ситиде жергілікті тұрғын өзінің 7 жасар немересін жезтырнақ кейпінде қорқытқаны үшін үш рет өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

pic_386a8ae9d83b42fe1a9a33f9dce4b157

Бұл туралы Associated Press хабарлайды.

51 жастағы Женева Робинсон немересіне қатыгездік көрсеткенін мойындаған. Жезтырнақ кейпінді киінген әйел қыздың мойынын жаралап, бетінен, қолынан ұрып, шашын кесіп тастаған.

“Оның жасаған әрекеті қызға және оның бауырларына өмір бойы әсер етуі мүмкін”, – деді прокуор Меридит Истер.

Сотта ұялы телефонға түсірілген үш минуттық видео да көрсетілген. Онда Робинсон қара киім киіп, қолын жасыл түске бояп алған.

Бастапқыда әйел балаларды тәрбиелеу қиынға болған соң осындай қадамға барғанын айтыпты. Бірақ, “тым қатты кеткенін де” мойындаған. Ал осы іске қатысы бар әйелдің көңілдесі Джошуа Грейнджер де қылмысқа қатысы барын мойындап, 30 жылға сотталды.

Оқи отырыңыз:

Рамзан Қадыровтың қызы екі апта бұрын танысқан жігітке тұрмысқа шықты

Түрмеден шыққанына бір ай ғана болған ер адам 9 жасар қызды зорлады

Тікелей эфирде отырған жасөспірім абайсызда өз-өзін өлтіріп алды (видео)

Анасы 15 жыл бұрын жоғалып кеткен қызын YouTube арқылы тапты

Талқылау