Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінің мұғалімін зорлап өлтірген америкалық оқушы сотталды

Массачусетс штатының соты 17 жастағы мектеп оқушысы Филип Чисмға үкім шығарды. Оқушы өзінің математика пәнінен беретін мұғалімін зорлап өлтіріп және тонағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

16-usa-1

Сурет esoligorsk.by

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Қылмысты жасаған кезде оқушының жасы 14-те болған. 2013 жылы 22 қазанда оқушы сабақтан соң мектептің әжетханасыда мұғалім Колин Ритцерді өлтірген. Марқұмның денесі мектепке жақын орманнан табылған.

Бастапқы кезде Чисмға өмір бойына жаза кесілмеген. АҚШ Жоғары сотының шешімімен кәмілетке толмаған оқушыға 25 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылған еді. Алайда сот оған кесілетін жазаны күшейтіп, өмір бойына түрмеге жапқан. Бұған өлімнің уақыты, зорлау және тонау әрекеттері себеп болған. Сотталушы 40 жылдан кем уақытта түрмеден босап шыға алмайды. 40 жылдан кейін ғана ол шартты мерзімінен тыс бостандыққа ие болмақ.

Ақпарат құралдары Чисмның 2014 жылы кәмілетке толмағандармен айналысатын ұйым қызметкерінің өліміне де қатысы бар екенін мәлімдеді.

Талқылау