Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінің қола жүлдегері атанғанын естіген қытай спортшысы қатты таң қалды (видео)

Қытай спортшысы Фу Юаньхуэйд жүзуден қола жүлдеге ие болды. Алайда спортшы бұл жүлдені қалай иеленгенін өзі де аңғармаса керек-ті. Себебі қола жүлдегер атанғанын естіген ол қатты таң қалды.

Безымянный

 

 

100 метрді 58,95 секундта жүзіп өткен қытай спортшысы бұл қашықтықты 59 секундта бағындырдым деп ойлаған. Журналистке сұхбат беру барысында өзінің жүлдесінен хабардар болған ол таңданысын жасырмады.

Қытай спортшысының сұхбат берген видеосы ғаламторда кең танымалдылыққа ие болды. Оның жеке парақшасына 3 миллионға жуық адам жазылып, спортшы қыз әп сәтте ғаламтор жұлдызына айналып шыға келді.

Оқи отырыңыздар:

Рио олимпиадасындағы бассейн суы аяқ астынан жасыл түске айналып кетті (фото)

Қазақстаннан шыққан қыз Риодағы бокс ойындарында төрелік етеді (фото)

Рио-де-Жанейрода журналистер отырған автобусқа шабуыл жасалды

Талқылау