Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінің бастығына оқ атқан полицейге қысым көрсетілген болуы мүмкін

БҚО Ақжайық ауданында орын алған қайғылы оқиғада сержант командирге жеті рет оқ атып өлтірген. Алайда күдіктінің туыстары оның мұндай қылмыс жасауына командирдің ақша бопсалағаны себеп болған деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Өзінің бастығына оқ атқан полицейге қысым көрсетілген болуы мүмкін

Қайтыс болған командир Рустем Рақышевтің артында жары мен екі баласы қалды. Марқұмның інісінің айтуынша, болған іс болды, істің мән-жайы алда белгілі болар, ең бастысы бала-шағасы аман, дейді ол.

Ал күдікті сержант Ғалиевтің туыс-туғандары оның осындай қылмысқа барған себебі ақша бопсалау деп отыр. Олардың пікірінше, Серікке қысым көрсетілген және ол еш себепсіз адамды өлтіре салатын жан емес.

Айта кетсек, БҚО-да сержант командиріне жеті рет оқ атып өлтіргенін және аталған оқиғаға қатысты пікір білдірген ІІМ өкілі қылмыстың басты себебі жеке келіспеушіліктер болғаны туралы жазған болатынбыз. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау