Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінің әніне секіріп би билеген Қыдырәлі Болманов жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов телеэкраннан өзінің концертін тамашалап тұрып, экранның бергі жағында секіріп би биледі. Оның бұл қылығы тыңдармандарын күлкіге қарық қылды.

Screenshot_4

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Экранның ар жағында халқыма концерт, бергі жағында Қарақат ханымға арнайы концерт беріп, екеуін жалғастырып, мың бұралған биімнен «мастер-класс» өткізіп жатырмын шәкіртіме…» – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Өзінің бұл әрекетін жұрттың қызу талқыға салатынын білген продюсер былай деп ақталды:

«Былай қарасаң «серьезный» адам сияқты… Ұят екен».

Ал видеоны түсіріп тұрған Қарақат Әбілдина күйеуінің биіне тамсанумен болды. Арасында «не деген би мынау» деп күліп те алды.

Желі оқырмандарының кейбірі продюсердің балаша секіріп, би билегеніне тәнті болса, енді бірі ересек адамға мұндай қылықтың жараспайтынын айтып, сынады.

Жіберіп алмаңыз: 

“Ninety one” тобы: Біз қызтеке емеспіз, біз қыздарды жақсы көреміз

Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз

Мейрамбек Беспаев: Мархаббаттың шәйі тәтті еді, қазір келінімнің шәйі бал болып жатыр (видео)

Асхат Садырбайдың анасы: Еркенің “ұрды” дегені сәл артық болды

Талқылау