Өзінен 30 жас кіші: 11 жасар қызды үшінші әйел етіп алған имам айыппұл төлеп, қызды өзіне қалдырды (фото)

Малайзияда 11 жасар қызбен некесін қиып, әлем жұртын ашуландырған 41 жастағы имам айыппұл төлеп, сытылып кетті. Ер адамның бірнеше әйел алуға рұқсаты болмағандықтан, ол шариғат соты бойынша 900 ринггит (76 мың теңге) айыппұл төлеген.

Өзінен 30 жас кіші: 11 жасар қызды үшінші әйел етіп имам айыппұл төлеп, қызды өзіне қалдырды (фото)

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, Малайзияда 11 жастағы қыз бен 41 жастағы ер адам некелескен еді. Қыздың ата-анасы кедейліктің тауқыметін тартқаннан қыздарын ерте тұрмысқа берген. Олар тек күйеу баласынан қыздары 16 жасқа толғанға дейін өздерімен бірге тұруын сұрады. Артынша қыздың әкесі неліктен оны 41 жастағы имамға тұрмысқа бергенін түсіндірген еді.

Бірақ, Малайзиядағы ЮНИСЕФ өкілі Марианна Кларк-Хаттинг бұл бала құқықтарының бұзылуы болып табылатынын айтты. Елдің заңнамасына сәйкес некеге тұрудың ең төменгі жасы – 18 жас. Алайда, қыздарБас министрдің рұқсатын алып, 16 жасында да тұрмысқа шығып жатады.

Нәтижесінде биліктегілер кәмелетке толмаған баланы әйелдікке алған азаматтың некесін тіркемеген еді.

Десе де Абдул Кәрім тек айыппұл жазасына тартылды. Сонымен қатар 11 жасар қыз оның қалыңдығы болып қала береді және 16 жасқа толғанда имаммен заңды түрде некеге отырады.

Ал қыздың әкесі шындығында қызының «11 емес, 12 немесе 13 жаста» екенін айтты.

Өзінен 30 жас кіші: 11 жасар қызды үшінші әйел етіп имам айыппұл төлеп, қызды өзіне қалдырды (фото)

«Мен оны үшінші әйел етіп алғаннан кейін, әлеуметтік желілерде маған айтылып жатқан сындар мен түрлі айыптаулар үшін қатты ашуланып, ренжідім», – дейді Абдул Кәрім.

Айта кетсек, Кәрімнің екі әйелі мен олардан 6 баласы бар. Имамға айыппұл салынуының бір себебі, оның екі әйелі үшінші әйел алуға рұқсат бермеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар