Өзіне қол жұмсаған Кленчиннің өліміне қатысты сараптама нәтижесі белгілі болды

Сейсенбі, 16 Ақпан , 2016 14:29

Сараптама нәтижесінде өзіне қол жұмсаған қазақстандық Михаил Кленчиннің өліміне қатысты айғақтар бекітілді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

11059903

Кленчин өткен жылдың желтоқсан айында өлі күйінде табылған еді. Тексеру кезінде оқиға орнынан өзінің атына жазылған қару табылған болатын. Полицейлер бұл оқиғаны өзіне қол жұмсау ісі деп тіркеген еді.

«Сот-медициналық сараптамаға сәйкес Кленчин өлімінің айғақтары бекітілді. Қылмыстық іс бойынша ақпан айының басында сотқа дейінгі тергеу жұмыстары қылмыстық іске қатысы бар құрамның жоқтығына байланысты тоқтатылды», – деп хабарлайды агенттік өкілі телефон арқылы сөйлесу кезінде.

Михаил Кленчин 1980 жылы, 17 қарашада Алматы қаласында туған. Қазақстандық заңгер қоғамдық істерге белсенді араласып, “Қаржылай қызмет көрсетуді дамыту ұлттық қоры” ҚҚ-ның төрағасы болған.

Ол Алматыдағы № 25 мектепті бітіріп, 2002 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында білім алған.

Корпоративтік заңгер ретінде жұмыс істеп, 2007 жылдан бері жеке заңгерлікпен айналысқан. РҚБ “Алғашқы жемқорлыққа қарсы медиаорталықтың” төрағасы, Қазақстанның салық Палатасының мүшесі, “НұрОтан” партиясының қолдауымен республикалық қоғамдық кеңестің, «Kazakhstan Bar Association» коммерциялы заңгерлері құрамында, ҚР «Атамекен» ҰКП кеңесінің құрамында мүше болды.

Бұған дейін атақты заңгер Клениннің өлі денесі табылғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар