Өзін жүктімін деп ойлаған әйел қатерлі ісікке шалдыққан боп шықты

Аустралияның Мельбурн қаласының тұрғыны қатерлі ісіктің белгілерін жүктілікпен шатастырып алған.

Өзін жүктімін деп ойлаған әйел қатерлі ісікке шалдыққан боп шықты

Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

36 жастағы Сирин Стил ішіндегі қимылдарды сезіп, жүктімін деп ойлаған. Сондай-ақ, оның соңғы уақыттарда дәретханаға жиі барып, үнемі шаршап, іштің кебуінен зардап шегіп жүргені есіне түсіпті. Осылайша әйел бұл белгілердің бәрі жүктіліктің салдары деп ұйғарады.

Ертесі күні ол дәрігерге барған. УДЗ кезінде әйелдің аналық безінен диаметрі 13 сантиметр болатын ісік табылды. Оның әлсіреуіне жүктілік емес, қатерлік ісік себеп болғаны анықталды. Қан талдауы мен компьютерлік томография диагнозды растады.

Бір аптадан кейін әйелге ота жасалды. Отаға дейін оның ісігі тағы 5 сантиметрге өскен. Дәрігерлер бұл қатерлі ісікті сирек кездесетін және агрессивті түрі деп шешті. Аустралияда мұндай диагноз аналық бездің қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдердің 4 пайызында ғана кездеседі екен.

Әйелге екінші рет ота жасалып, 4 ай бойы химиотерапия алғаннан кейін ісікті жеңу мүмкін болды. Стилді дер кезінде дәрігерге барғаны құтқарып қалды. Ол тағы біраз уақытқа кешіксе, өміріне қауіп төнер еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр